Сот отырысы бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген
Ақсу қаласында қарт адамдарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақсу қаласында «Қамкор» әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты қатыгездік көрсету жөніндегі резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шығарылды. Сот отырысы Ақсу прокуратурасының бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген талдаудың қорытындысы болып табылады, онда зорлық-зомбылықтың естен тандырғыш фактілері тіркелген. Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз көшеде қалдырып, қатты тоңу мен азап шегу қаупіне ұшыратқан.Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген. Еске сала кетейік, біз осыған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында пансионат қызметкерлері қарттарды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстағаны туралы жазған болатынбыз.