Дина Таңсәрінің ұсталуы: экстрадицияға қатысты сот шешімі шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ол 14 сәуірде ұсталған еді

Фото: әлеуметтік желіден

Черногорияда «НеМолчиКЗ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге қатысты экстрадиция мәселесі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қордың хабарлауынша, Дина Таңсәрі бостандыққа шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, Черногория соты оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Еске салайық, 14 сәуір күні Черногорияда қазақстандық құқық қорғаушы, «NeMolchi.kz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталып, Подгорица қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Белсенді өз сөзінде бұл жағдайдың экстрадиция мәселесіне байланысты болатынын мәлімдеді. Алайда нақты не үшін ұсталғаны туралы оған ешқандай ақпарат берілмегенін айтады.