Оны Меркі ауылынан Алматыға дейін артынан іздеп келген
Жамбыл облысы Меркідегі жанармай құю бекетінде пышақталған мотоцикл жүргізушісін арыз жазбау үшін мәжбүрлеген, деп хабарлайды Qaz365.kz .
Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Зәкір Асадов күдіктінің туыстары оның қорғауындағы адамға қысым көрсетіп жатқанын айтып отыр.
"Медициналық көмектің жеткіліксіздігі мен туыстарының қысымы менің қорғауымдағы азаматты Меркі ауылынан Алматыға кетуге мәжбүр еткен. Алайда шабуыл жасаған адамның туыстары бұл жерден де тауып алып, палатаға кіріп, шағымданбау туралы арыз жазуға мәжбүрлеген", – деді адвокат.
Қазіргі уақытта адвокат ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жүгініп, зардап шеккен азаматты ауруханада қорғауды және тергеуді басқа аймаққа беруді сұрап отыр.