Жезқазғанда 84 жастағы әжей балконда құлап қалып, тұра алмай қалған

Nur-Altay Umirzak

Ол жатқан жерінде айқайлап көмек шақырған

Сурет: Бейнеден кадр

Жезқазған қаласында 1941 жылы туған әйел өз пәтерінің балконында құлап қалып, өзі тұра алмай жатып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оны үйдің жанынан өтіп бара жатқан адам байқап қалған. Ол көмек сұраған дауысты естіп, құтқарушыларды көмекке шақырған.

“Шақырту түсе сала ТЖМ құтқарушылары әжеге көмекке келді. Жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері сатымен 2-ші қабаттағы балконға көтеріліп, қарт әйелді пәтерге кіргізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады”, – делінген Төтенше жағдайлар департпаменті мәліметінде.

Қазір егде жастағы қарияның жағдайы жақсы. Ол көмекке келген құтқарушыларға өз алғысын білдірген.