Нұржан Нұрланов – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры
Қаржылық мониторинг агенттігі Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ҚМА баспасөз қызметі.
Нұржан Нұрланов – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры. Ол қылмыстық іске сәуір айының басында іліккен. Сол кезде оның үстінен Қылмыстық кодекстің 389-бабы – «Өз бетінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған. Іс Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында жүргізілген.
Айта кетейік, биыл наурызда Нұржан Нұрлановтың ағасы Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланған.