Сотта Шерзаттың ағасы Ғайыпбаевтың ұялы телефоны ұрланғаны белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Шулы іске қатысты жаңа дерек

Видеодан скриншот

Прокурор Дана Сәрсенбай Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында айыптау актісін оқып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокурордың сөзінше, айыпталушы Азамат Тоқтаубаев марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа 220 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

«Күдіктілер жабылып Ғайыпбаевты ұрып жатқан кезде жәбірленушінің былғары күртешесінің төс қалтасынан Samsung маркалы ұялы телефоны жерге түсіп қалған. Осы кезде азамат Тоқтаубаев бөтеннің мүлкін жасырын жымқырумен, пайдакүнемдік пиғылмен даланың қараңғы кезінде топ адамдар арасында өзінің әрекетін ешкім байқамай қалатынына көзі жеткізген. Ғайыпбаевтың ес-түссіз жатқанын пайдаланып оған тиесілі ұялы телефонды жасырын түрде жымқырған. Оқиға орнынан автокөлікке отырып бой тасалаған. Өзінің қылмыстық әрекеттерімен азамат Тоқтаубаев жәбірленуші Ғайыпбаевқа 220 мың материалдық шығын келтірген. Жәбірленуші Ғайыпбаевқа сақтау қолхатымен қайтарылған», - дейді прокурор.