«Немеремді ұрған баланы таныдым»: Шерзат Болаттың әжесі сотта куәлік берді

Nur-Altay Umirzak

Сот отырысы Талдықорған қаласында өтіп жатыр

Сурет: сот отырысынан кадр

Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты атышулы іс бойынша жәбірленушілерден жауап алына бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Қадырова судья алдында куәлік берді. Ол тергеу материалдарына сәйкес, Шерзатқа шешуші соққы жасаған күдікті — Абзал Шынасылды танығанын айтты.

Жәбірленуші тарап қатарында Шерзаттың әке-шешесі — Қаржаубай Нұрымов пен Гүлбара Бейшенбиева, әжесі Жұмабике Қадырова және кәмелет жасына толмаған Ахмет Махмет бар. Ахмет – марқұмның досы. Алайда ол Қытайда білім алып жатқандықтан, сот отырысына келе алмады. Оның орнына сенімхат арқылы өкілетті өкілдері қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, қоғамда резонанс тудырған қайғылы оқиға 2024 жылдың қазан айында орын алған еді. Бұл істе 9 айыпталушы бар.