БҚО тұрғыны жалған доллар мен еуроны бәске тігіп, 14 млн теңге ұтып алған

Nur-Altay Umirzak

Ол жалған 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуроны сатып алған

Сурет: коллаж/ Бейнеден кадр

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны азамат жалған ақшамен бәс тігіп, 14 млн теңге иемденген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеп отыр.

“Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жалған шетел валюталары арқылы 14 миллион теңгені заңсыз иемденген. Ол әуелі 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуро көлеміндегі жалған ақшаны сатып алған. Кейін оны лото ойындарына салып, 14 миллион теңгені алдап алып кетті деген күдікке ілінді”, – делінген құзырлы орган ақпаратында.

Қазіргі таңда Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған.