Қайтыс болған азамат ҰҚК-нің сыртқы барлау қызметінде жұмыс істеген
Астанада ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Биыл 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда», – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған азамат ҰҚК-нің сыртқы барлау қызметінде жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған немесе биіктіктен құлап кеткен болуы мүмкін.