Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр

Видеодан скриншот

Төтенше жағдай Т.Рысқұлов ауданындағы Түрксіб станциясында орын алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүк пойызы жүріп келе жатқанда құрам рельстен шыға бастаған. Вагондардың бәрі құламай тұрып, құрам тоқтатылды. Рельстен тек алдыңғы үш вагон ғана шыққан.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының ақпаратынша, вагондардың барлығы жеке адамдардың иелігінде болған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Төтенше оқиғаның салдарын жою үшін оқиға орнына Тараз бен Шу қалаларынан жедел түрде қалпына келтіру пойыздары жіберілді.

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.