Түркістан облысында көршісінің үйінен 1,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Үй иелері жоқ сәтте үйге терезеден кірген

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында Төлеби ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрысын қолға түсірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол жәбірленушінің үйінде бағалы заттар барын біліп, ұрлық жасаған.

Үй иелері жоқ сәтте үйге терезеден кірген.

Күдікті жатын бөлмеге кіріп, кілттеулі тұрған шкафты бұзып, ішінен 1,5 миллион теңге ақшаны алып "ізін суытқан".

Қолды еткен қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда оның бұдан да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.