Бағдарынан айрылған: БҚО-да жоғалған ана мен бала қалай табылды

Nur-Altay Umirzak

Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылған

Сурет: ашық дереккөзден

43жастағы ана мен оның 10 жасар ұлы ұшқышсыз ұшу аппараттарымен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұрады. Іздеу жұмыстары тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады. Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты іздеуге тартылды. Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды”, – делінген ақпаратта. 

Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге аман-есен жеткізілген.