Іле ауданындағы мектептегі әлімжеттік қоғамда резонанс тудырды

Qaz365.kz редакциясы
видеодан скриншот

Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылындағы мектепте орын алған оқиға деп әлеуметтік желіге тараған видео қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Жастардың тәрбиесіне, мектептердегі тәртіп пен қауіпсіздікке аса назар аудару — бүгінгі күннің маңызды талабы. Бұл мәселеге салғырт қарау орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.Біз Алматы облысының прокуратурасы мен жауапты мекемелерден бұл оқиғаны жіті бақылауға алып, заң аясында әділ шешім қабылдауды сұраймыз», — делінген ата-аналар мен қоғам белсенділерінің үндеуінде.

Ал білім басқармасының өкілі қазір осы факт бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізеді. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтары қорғалады. Тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат береміз, - деп жазған білім басқармасының баспасөз қызметі.