Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына 4 сағатта жуық ауыр ота жасалған
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі денсаулық жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Төрт сағатқа созылған медициналық көмек көрсетіліп, науқасқа ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өз бетімен жүріп-тұра алады. Алайда, әлі де дәрігерлердің бақылауында», – деді министр Ақмарал Әлназарова.
Бұған дейін Берденовтің досы, кәсіпкер Сырымбек Тау оның 9-10 қадам жүре бастағанын айтқан еді.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болды.
Оқиға болған күні күдікті Ернар Жиембай ұсталып, полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Күдікті байланысты деген кәсіпорын – «Тұрғын үй Шымкент» – 2016 жылы маусымда тіркелген. Кәсіпорында 21-30 адам жұмыс істейді.