«Шерзатты денеммен жаптым»: Сотта марқұм Нұрқанаттың соңғы жауабы оқылды

Nur-Altay Umirzak

Қазіргі таңда Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр

Коллаж Qaz365.kz

Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысында мемлекеттік айыптаушы марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың бұған дейін берген жауаптарын жария етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотта оқылған жауабында Нұрқанат Ғайыпбаев қайғылы түнде Шерзат Полатты барынша қорғауға тырысқанын айтқан. Оның сөзінше, Шерзаттың пышақталғанын көрген ол төбелесті тоқтатуға және дереу жедел жәрдем шақыруға тырысқан.

«Нұрқанат аға, маған мыналар бірдеңе тығып алды» деп үш рет айғайлады. Мен жігіттерден қашып, жүгіріп барып, Шерзатты құшақтадым. Жейдесін ашып қарағанымда, сол жақ арқасына пышақ кіргенін көрдім. Жарақатты алақаныммен бастым. Сол жерде: «Жігіттер, тоқтаңдаршы, жедел жәрдем шақырыңдаршы!» деп айғайладым», – дейді марқұм.

Ғайыпбаевтың айтуынша, бұл кезде олардың қасына шамамен сегіз адам жақындаған. Қараңғы болғандықтан олардың кім екенін нақты тани алмаған.

«Шерзатты құшақтап, денеммен жауып қорғауға тырыстым. Бірақ жігіттер жабылып ұрып, екеуміздің ортамызды аша алмай жатты. Сол сәтте Абзал оң жақ жамбасыма пышақ сұқты. Шыдауға тырыстым. Артынша Нұрқияс тағы бір мәрте пышақтады. Кейін Абзал үшінші рет жаралады. Осы кезде біреу басымнан аяқпен тепті. Оң жақ құлағымның артына темір сияқты қатты затпен ұрды», – деп еске алған Нұрқанат.

Марқұм Нұрқанат ауыр соққылардан кейін ол есін жоғалта бастағанын, Шерзатты еріксіз жіберіп алғанын айтады. Соңғы көргені – жеңгесі Гүлбараның келіп, Шерзатты қоршап алған сәті болған. Кейін есін ауруханада жиған.

Қазіргі таңда Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Тағы оқыңыз: