Қазіргі таңда халықты және инфрақұрылым объектілерін су тасқынынан қорғау жұмыстары жалғасуда
Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка, Долматова және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы мәлімдеді.
Сурет: ҚР ТЖМ
“Су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында өңірде барлығы 2310 адам, 165 бірлік техникасы ТЖМ , ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 61 880 дана қапшықтар дайындалып, 53 545 данасы төселді. Барлығы 361 365 дана қапшықтар дайындалып, 405 702 дана қапшық төселді.Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 13 232 т.м. су сорылды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Психологиялық көмек
СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобының маманы Петропавл қаласындағы эвакуациялық пунктте орналасқан Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылының тұрғындарына көмек көрсетуде.
Қазіргі уақыттағы жағдай
Қазіргі уақытта Петропавл қаласы Заречное ауылында су тасқынының шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері, ІІМ, ҚМ, ЖАО су тасқынының салдарын барынша азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Заречное ауылындағы су тасқынын жоюға жеке құрамның 200-ге жуық адамы және 31 арнайы техника, 13 мотопомпа және 8 жүзу құралдары жұмылдырылған.
Қазіргі таңда халықты және инфрақұрылым объектілерін су тасқынынан қорғау жұмыстары жалғасуда. ТЖМ жағдай үнемі бақылауда екені айтылды.
Тағы оқыңыз: