Павлодарда студенттерді бопсалаған екі адам ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция мәлімет берді

Фото: polisia.kz

Павлодар облысы ПД жедел уәкілдері ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін бопсалаумен айналысқан екі адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Анықталғандай, бұл адамдар жас жігіттерге қоқан-лоқы мен күш көрсетіп, олардан ақша, материалдық заттар бопсалап, оларды тауарлық және ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың бопсалауға байланысты 10-нан астам құқықбұзушылыққа қатысы бар, бұл олардың қылмыстық қызметінің жүйелі сипатын растайды.

ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар іс-шара өткізіп, күдіктілердің кінәсін айқындап, оларды ұстауға мүмкіндік беретін дәлелдер жинады.

“Полиция өңірдегі студенттер мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Бұл операция қылмысқа қарсы күресте және азаматтардың құқығын қорғауда біздің ұстанымымыздың жарқын мысалы”, – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.