Сотта күлген күдіктілер: Қаржаубайдың адвокатын сотталушылардың ата-анасы айыптады

Qaz365.kz редакциясы

Видео сот процесінің алғашқы күні түсірілген болуы мүмкін

ашық дереккөзден

Сотталушылардың ата-аналары Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шакеевті күдіктілердің күлген сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады деп айыптаған. Алайда қорғаушы бұл мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

 «Ата-ана болған соң, әр нәрсеге алаңдайтыны түсінікті. Бұл мәселе екі күн бұрын көтерілген. Мен барлық видеоны қарап шықтым – түсірген біз емес. Болжамымыз бойынша, бұл видео сот процесінің алғашқы күні түсірілген болуы мүмкін. Ол кезде сот тарапынан ескерту жасалмаған еді. Сірә, сол кезде түсіріліп, кейін әлеуметтік желіге жүктелген», – деді адвокат.

Айта кетейік, ата-аналар сотталушылардың күліп отырған сәті түсірілген видеоны кім жариялағанын анықтауды талап етіп отыр.