Шерзат Полат ісі: Ертең сотталушылардан жауап алынады

Nur-Altay Umirzak

Негізгі куәлар сот алдында жауапталып болды (Енді қосымша куәлар бар)

скриншот/Жоғарғы сот

Шерзат ісіндегі негізгі куәлар сот алдында жауапталып болды. Енді тек тараптардың қосымша куәлары бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ертең, яғни 06.05.2025 ж.күні сағат 10:00 де сотталушылардан жауап алынады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді.

Тағылған айыпты естеріңізге сала кетейін:

1. Абзал Шынасыл - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіру” (99-бап 2-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап);

2. Равиль Сакиев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап 2-бөлігі);

3. Шыңғыс Белғожаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

4. Дархан Әскентай - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

5. Нұрқияс Ілиясов - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

6. Марат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

7. Дидар Қалиахмет - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

8. Азамат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөліігі);

9. Думан Ыскақ Кайдарұлы, кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.

 Сотталушылар жауапталып болғасын іс материалдары зерттеледі.