Шерзат пен ағасын кім пышақтады? Полиция күдіктілердің атын атады

Nur-Altay Umirzak

Талғар аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан куәлік берді

коллаж: Alash.kz

Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста Талғар аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан куәлік етті. Ол Шерзат пен ағасы Нұрқанатты кім пышақтағаны жайлы Ғайыпбаевтың жауабын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Криминалдық полиция басшысының айтуынша, оқиға туралы жедел хабар түскен соң тәртіп сақшылары ауруханаға барып, жәбірленуші Ғайыпбаевтан жауап алған.

“ Жедел хабар түсті. Содан кейін ауруханаға бардық. Видеодан өздеріңіз көргендей, азамат Ғайыпбаевтан мағлұматтар алынды, – деді Әділжан.

Сот процесі барысында қорғаушылардың бірі тергеу кезінде Ғайыпбаев көрсеткен адамдардың кім екенін нақтылауды сұрады.

“Бізде бірнеше адамның суреті болды. «Тани аласың ба?» дегенде Ғайыпбаев «танимын» деп жауап берді. Суреттерді қарап отырып: «мына азамат – Шерзатты, ал мынау – мені пышақтаған» деп көрсетті. Нақтылап айтқанда, Шерзатқа пышақ салған – Абзал Шынасыл, ал өзін пышақтаған – Азамат Тоқтаубаев деп көрсетті”, – деді Медет Әділжан.