Оның мүддесін қорғаушы Мәулен Ержанов прокурордың эмоцияға беріліп жатқанын айтып, өтінішхатты қолдады.
Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі қаралып жатыр. Бүгін сот отырысында сотталушы Дархан Әскентайдың адвокаты мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға қарсылық білдірді деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әскентайдан жауап алу барысында қорғау тарапының адвокаттары мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға қарсылық білдірді. Оның мүддесін қорғаушы Ержанов прокурордың эмоцияға беріліп жатқанын айтып, өтінішхатты қолдады.
Прокурорға қарсылық білдіруге негіздер қылмыстық процестік кодекстің 87 және 88-бабында көрсетілген. Қорғау тарапы айтқанының ешқайсысы ол жерде көрсетілген негізге сәйкес келмейді. Сол себепті өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуыңызды сұраймыз, – деді прокурор Дана Сәрсенбай.
Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Әскентай 293-бап 3-бөлігі, яғни «Бұзақылық» бойынша айыпталып жатыр.