«Қысым жасалды, шошыдым»: Әскентай кастет туралы неге бұрын айтпағанын түсіндірді

Nur-Altay Umirzak

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Дархан Әскентайдан 10 рет жауап алынған

Сурет: ашық дереккөзден

Бүгін Шерзат Полат ісі бойынша өткен сот отырысында сотталушы Дархан Әскентай өзін Шерзаттың кастетпен ұрғанын мәлімдеді. Прокурор Дана Сәрсембай одан бұл жайтты неге бұған дейін айтпағанын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Дархан Әскентайдан 10 рет жауап алынған. Бірақ ол кезде Шерзаттың кастет қолданғаны туралы ештеңе айтпаған. Прокурор осыған назар аударды.

“Сізден сотқа дейін он рет жауап алынды. Бірақ сол кезде «Шерзаттың қолында кастет болды» деп айтпағансыз. Неге айтпадыңыз?” – деп сұрады айыптаушы.

Ал айыпталушы бұл сұрауға оған тергеу кезінде қысым жасалғанын айтты.

“Мен есіме түскенін ғана айтып отырдым. Өйткені, маған қысым жасалды. Бір жағынан, шошығаннан ойымды жинақтап жеткізе алмадым”, – деп жауап берді сотталушы Дархан Әскентай.