Сот Шерзат Полат ісінде прокурор Дана Сәрсембайға қарсылық білдірген қорғаушылар талабын қанағаттандырмады
Шерзат Полаттың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында судья сотталушыларды қорғау тарапының прокурор Дана Сәрсембайға қатысты қарсылық білдіру өтінішін кері қайтарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қорғаушылар прокурордың бейтараптығына күмән келтіріп, оны істен шеттету жөнінде өтініш түсірген. Алайда судья ол талаптың негізсіз екенін айтып, қанағаттандырудан бас тартты.
Сот отырысы кезінде тараптар арасында бірнеше мәрте қызу дау туындаған еді.
«Прокурор сотталушыға дауыс көтеріп сөйлеп отыр. Мемлекеттік айыптаушыны ауыстыруды сұраймыз. Жедел уәкіл қызметкерін сұраған кезде де жауаптарына күмән келтірді. Прокурор эмоцияға да беріліп кетіп отыр», - деген еді қорғаушылар.
Сот процесі жалғасуда.