Астанадағы "Шапағат" базарында ірі өрт болып жатыр

Nur-Altay Umirzak

Өрт Сарыарқа ауданындағы бутиктердің бірінен басталған

Сурет: ТЖМ

Астанадағы "Шапағат" базарында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеді.

“Өрт Сарыарқа ауданындағы бутиктердің бірінен басталған. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта базар келушілері эвакуациялануда”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат  түскен жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 400 шаршы метрді құрайтын 10-ға жуық бутик отпен қамтылған.

 Жергілікті жерде жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғына тексеру жалғасуда.

 Өрт орнына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды.

 Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 71 адамы және 20 бірлік техника жұмыс істеуде.