Қазір әуежайларда “домино әсері” басталған
Ресей әуежайларындағы рейстердің жаппай тоқтатылуы мен кешігуі олардың жұмысынтоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған украиналық дрондардың шабуылдары себеп болған.
Ресейдің Туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мәліметінше, 60 мыңнан астам жолаушы зардап шеккен. 350-ден астам рейстің, оның ішінде ресейлік туристер жиі пайдаланатын Ыстамбұл мен Дубай арқылы өтетін транзиттік бағыттардың кестесі бұзылды.
Қауымдастықтың ескертуінше, ақаулар жалғасуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, “домино әсері” басталған — бір рейстің тоқтатылуы келесі рейстердің де кешігуіне әкеп соғады. Туроператорлар жолаушыларға рейс кестесіндегі өзгерістерді мұқият бақылап, мүмкін болатын ауыстыруларға дайын болуға кеңес береді.