Бұл жайында Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс салдарынан екі елден де Қазақстан азаматтары елге шыға алмай қалған болатын. Бұл жайында ҚР СІМ өкілі Қазақстан азаматтарын эвакуациялай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазіргі уақытта екі елде де Қазақстан азаматтары бар. Олардың басым бөлігі Пәкістанда. Консулдық есепте тұрған азаматтар елшілікпен тұрақты байланыста.
"Қазіргі таңда бұл аймақта толыққанды әскери қақтығыстар жоқ, тек шекара маңында жекелеген соққылар болды. Сондықтан эвакуация мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ“,– деді Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин.
Сонымен қатар, министрлік жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыр және әзірге шұғыл әрекет етуді қажет ететін қауіп байқалмайды деп отыр.