Ақтөбедегі колонияға тауық етінің ішіне телефон салып кіргізген

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Ақтөбе қаласындағы №70 тергеу изоляторында орын алған

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде колония аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ақтөбе қаласындағы №70 тергеу изоляторында сәлемдеме арқылы телефон жеткізбек болған азамат құқық қорғау органдарының қырағылығы арқасында ұсталды. Бұл – тек қарапайым құқық бұзушылық емес, еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінде жиі кездесіп жүрген заңсыз әрекеттердің бір көрінісі. Оқиға осы жылдың 10 мамырында болды. ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігімен сотталған А.М.С-тың атына келген сәлем-сауқатты мұқият тексеру барысында тауық етінің арасына жасырылған LG телефоны табылып, тәркіленді”, – делінген полиция ақпаратында.

Қазіргі таңда мекемеге сәлем-сауқатты әкелген 43 жастағы азамат ұсталып, жауапқа тартылған.