9-сағат бойы жанған: Бурабайда жинаулы тұрған зығыр сабаны өртеніп кетті

Nur-Altay Umirzak

800 шаршы метр аумақта 700 бума шөп жанып кеткен

Сурет: ТЖД

Ақмола облысы Бурабай ауданында жинаулы тұрған зығыр сабаны өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.

“800 шаршы метр аумақта 700 бума шөп жанып кетті. Өртті сөндіруге 72 адам мен 22 техника тартылып, 9 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.