Сара Назарбаева қайтыс болғаны рас па? Айдос Үкібай жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін кейбір БАҚ құралдары Сара Назарбаева 85 жасында өмірден өткенін жазған еді. 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды  Qaz365.kz. 

БАҚ-тың көптеген сауалдарына жауап ретінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызының ауруханада емделіп жатқанын хабарлаймын. Оның өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін кейбір БАҚ құралдары Сара Назарбаева 85 жасында өмірден өткенін жазған еді. 

Соңғы уақытта Назарбаева Алматы қаласындағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальда жатқан еді.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызыл-Жар ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанның бірінші ханымы тәуелсіздік алған күннен бастап 2019 жылға дейін осы ресми мәртебені иеленді.