Шымкентте оқушыны "Free Fire" аккаунты үшін 2 млн теңгеге алдап кетті

Nur-Altay Umirzak

6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, алаяқтың бар тапсырмасын орындаған

Сурет: Polisia.kz

Шымкентте оқушыны “Free Fire” аккаунты үшін 2 млн теңге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. 6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды”, – делінген полиция ақпаратында.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.