Түркістан облысында базарда ер адам 4 метрлік шұңқырға құлап кетті

Nur-Altay Umirzak

Ол шұңқырға құлап кетіп, өз бетінше шыға алмай қалған

Сурет: Бейнеден кадр

Түркістан облысыТүлкібас ауданы Рысқұлов ауылында базар аумағында ер адам 4 метрлік шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы өңірлік ТЖД қызметі мәлімеді.

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылында базар аумағында 1969 ж.т. ер адам тереңдігі 4 метр болатын құрылыс шұңқырына құлап кетіп, өз бетінше шыға алмады.  Құтқарушылар көмекке асығып, зардап шегушіні шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам абайсызда шұңқырға құлаған.