Шерзат ісі: "Пышақты сүртіп тұрғанын көрдім" – кәмелет жасына толмаған сотталушының жауабы

Nur-Altay Umirzak

Оған «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша айып тағылған

Сурет: скриншот/Жоғарғы сот

 Шерзат Полат өліміне қатысты бүгінгі сот отырысында кәмелет жасына толмаған сотталушы Думан Ысқақтан жауап алынды,  деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Ол оқиға болған күні айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтың көлігін айдап жүрген.

“Нұрбол ағаға қайта берейінші деп едім, ол қазір-қазір ауылға шығамыз деді. Жақсы деп отырдым. Сол кезде Абзал Шынасылдың пышақты сүртіп тұрғанын көрдім. Мылтықтың машинада сүйеулі тұрғанын көрдім”, – деді ол сотта берген жауабында.

Думан Ысқаққа іс бойынша «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша айып тағылған.