"Шатастырмаңыз, Нұрқанатты ұрдым, бірақ ол құламады"– айыпталушы Нұрқияс Ілиясов

Nur-Altay Umirzak

Ол Шерзаттың адвокатымен сотта сөз таластырды

Сурет: скриншот/Жоғарғы сот

Сот отырысында күдікті Нұрқияс Ілиясов жауап беріп жатыр. Сол сәтте жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев пен айыпталушы сөзге келіп қалды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Адвокат Шекеев Ілиясовтан марқұм Нұрқанатты ұрған не ұрмағанын сұрады. Оған жауап ретінде айыпталушы:

"Нұрқанатты ұрдым, бірақ ол құламады. Шатастырып сұрақ қоймаңыз" – деді айыпталушы Нұрқияс Ілиясов.

Шекеев керісінше оның шатастырып жатқанын айтқанда, Ілиясов оған тағы да ескерту жасап, сөз таластырған.