Ол оқиға болған күні ішкенін де мойындады.
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында басты күдікті Шыңғыс Белқожаев жауап беруде, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белқожаевтың сөзінше, ол төбелес кезінде Шерзатты басқа адаммен шатастырып алған. Ол қателескенін видеоны көріп түсінгенін алға тартты.
Мен сақалды біреуді ұрамын деп барғанмын. Кейін видеоны қарап, ұрғаным Шерзат екенін түсіндім. Сақалдымен шатастырып, Шерзатты ұрып, теуіп жіберіппін. Артынша көлікке мініп, кетіп қалдық. Кейін биатлон жаққа барған соң, көлігімде мылтық жатқанын көріп, ертеңінде оны тауып беру үшін жол шетіне апарып лақтырып кеттім, – деді ол.
Белқожаев Шерзаттың әкесінің дүкеннен қолына пышақ ұстап шыққанын да тілге тиек етті.
Менің қолымда шаруашылыққа арналған бәкі болды. Оны өзім тауып бердім — бізді ұстаған жерде жатқан. Ал Қаржаубай дүкеннен шыққанда қолында пышақ болды. Ол кәдімгі ас үй пышағына ұқсайды, іс материалындағы пышаққа сәйкес келмейді. Пышақ оның сол қолында болды. Ал Нұрқанаттың екінші рет оқ атқанын өз көзіммен көрдім, – деді күдікті.
Белқожаев оқиға болған күні «жарты стақан сыра ішкен» айтты.