Борышкер компанияны Электрондық қаржы орталығының бас маманы тізімнен алып тастаған
Елорда прокуратурасы электрондық мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстық схеманы әшкереледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қадағалау қызметі барысында қалалық прокуратура коммерциялық компаниялардың бірін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен заңсыз алып тастауды анықтады. Қала прокуратурасы ақпаратты заңсыз жою фактісіне қатысты ҚК-нің 206-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, дереу шара қабылдады. ҰҚК-нің Астана қаласы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қызметтік қолжетімділікті пайдалана отырып, серіктестікті аталған тізілімнен заңсыз алып тастаған "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ның (бұдан әрі-ЭҚО) бас маманы анықталды. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы коммерциялық компанияның директоры екені белгілі болды, ол делдал арқылы «ЭҚО» АҚ-ның бас маманына көрсетілген қызмет үшін 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берген”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазіргі таңда, тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.