"Менингиті барына қарамаған". Денсаулығы жарамсыз сарбаз әскерде көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Сарбаз әскер қатарына биыл 25 сәуірде шақыртылған.

Орталық коммуникациялар қызметі

Аягөздегі әскери бөлімде сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамырда болған.

Алғашқы тексеруден және емдеу тағайындалғаннан кейін де жағдайы жақсармады. 17 мамырда ультрадыбыстық диагностика және КТ арқылы қосымша тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде пациент одан әрі ем алу үшін Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасына ауыстырылды, - дейді ведомство.

18 мамырда сарбаздың жағдайы күрт нашарлаған.

Медицина мамандарының күш-жігері мен реанимация бөліміндегі қарқынды терапияға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Ол бактериялық менингиттің гипертоксикалық түрінен қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Сарбаз әскер қатарына биыл 25 сәуірде шақыртылған. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі дейді.

Stan.kz ақпарат агенттігі туыстарымен сөйлескен.

Марқұмның туыстары Саламаттың денсаулығында назар аударарлық мәселелер болғанын айтады.

Ол әскерге жарамсыз болды. Қолымызда анықтама да болды. Саламаттың омыртқасы ауырған. Көзінде көру қабілетінде де мәселелер болды. Бұған қарамастан, оны танк бөліміне қызмет етуге жіберді. Ол бір апта ауруханада жатты. Жағдай қалай нашарлады, ата-анасын шақырды, – дейді туыстары.