Мысыр әуежайында көз жұмған қазақстандық елге жеткізіледі

Qaz365.kz редакциясы

Қайғылы оқиға 18 мамырда болған.

@anvar_shalekenov

Мысыр әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізіледі, деп хабарлайды qaz365.kz.

Мысырда мерт болған отандасымыз Ақмарал Мұқанова мен оның ұлының медициналық сақтандыруы болғандықтан, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді.

Марқұмның денесі Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізіледі.

2025 жылғы 18 мамырда Мысырдың Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында қайғылы оқиға болды. Астанаға ұшуға дайындалып жатқан қазақстандық Ақмарал Мұқанова жазатайым жағдай салдарынан көз жұмды. Әуежайда жарнама экраны құлап, әйелді басып қалған.

Бұл қайғылы оқиға қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Қоғам тарапынан әуежайдағы қауіпсіздік шараларына қатысты да сұрақтар туындап отыр.