Бірақ Абзал Шынасыл бүгін жауаптарынан бас тартты.
Шерзат Болаттың өліміне байланысты басты күдікті Абзал Шынасыл сотқа дейінгі тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айыпталушының сөзіне сүйенсек, ол төбелеске қатысқандардың төртеуі тергеу алдында келісімге келіп, қылмысты өз мойнына алған көрінеді.
Қылмысты мойнына алған себебім бар. Талғарда полиция басқармасында болғанда тергеушілер «бір адам істеді, бір адам мойнына алсын. Әйтпесе, бәріңе қиын болады. Ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде кетесіңдер» деді. Сонымен бізді Қонаев қаласына кезек-кезегімен алып кететін болды. Газельмен алып кетіп бара жатқанда Равиль Сакиев, Шыңғыс Белғожаев, Азамат Тоқтаубаев төртеуіміз сөйлестік. Сол кезде Равиль Сакиев «бұны біреу істеді, мойындасын. Әйтпесе бәрімізге қиын болады» деп айтты. Сол кезде менде пышақ болғаннан кейін, өзімді қылмыс жасамадым деп, жасырғандай болмайын дедім. Іштей мен алсам, ала салайын деген ой болды. Қапшағайдағы тергеу изоляторына апармай тұрып, басымыз қосылып, сөйлесіп үлгеріп қалдық. Мұнда тағы Нұрбол Тоқтаубаев маған «сенде пышақ болды ғой» дегенде, мен оған «Шерзатты, мен мойныма аламын» деп бірден айттым. Ал Нұрқанаттың жамбасына тығылған пышақты Шыңғыс тықты деп келіскен дедік. Полиция департаментінде де осы келіскендегідей айтып бердік. Тергеушіге де осылай айттым, - дейді ол.
Бірақ Абзал Шынасыл бүгін жауаптарынан бас тартты.
Ол жауапты өз ойымнана құрастырып айттым. Кейін ойландым, оны мен істеген жоқпын. Шерзатқа пышақ салған жоқпын, мен Ғайыпбаев Нұрқанатқа пышақ салдым, - дейді сотталушы.
Сонымен қатар ол төбелестен соң Дана Жақсыкелдінің оған қан болған пышақты жуып беруге, dizzy сусысын құйып бергенін айтып берді.