Ол ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған
Түркістан облысында ұрлаған ақшасына көлік сатып алған күдікті анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлік ұрлығы қылмысын ашты. Белгілі болғандай, белгісіз тұлға туыстарына қонаққа келген ер адамның көлігіне ұрлыққа түскен. Оқиға болған күні иесі Volkswagen көлігін үй сыртында құлыптап тастап кеткен. Түнгі сағат 03:00 шамасында күдікті көліктің артқы терезесін сындырып, 3 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен. Ол ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Яғни ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған тұрғын болып шықты”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде көлік иесі Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұрлық оқиғасын жедел ашқандары үшін алғысын білдірген.