Оның айтуынша, сол кезде Қаржаубай ештеңе сатпаймын деп шығарып жіберген.
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесінде айыпталушы Дидар Қалиахметтен жауап алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, ол бұған дейін куә ретінде жауап берген Санат Әбдіқадыр оның бөлесі. Сол күні екеуі моншаға барғысы келген.
Біз Санат Әбдіқадыр екеуміз моншадан шығып, сағат түнгі 12 жарым болып қалғанда ініміз Дәулет Мұратов бізді алып кетуге келді. Санатқа тиесілі Қызыл Elantra көлігімен шықтық. «Қамажай» дүкенінің алдына келіп тоқтағанда дүкеннің алдында 8-9 адамды көрдік. Мен бірінші түстім, олар маған амандасты. Ағамнан марқұм Ғайыпбаев: "Төбелеске келдіңдер ме?" деп сұрады. Санат: «Мен шалмын ғой» деді. Ғайыпбаев шалға ұқсамайтынын айтып, сөйлесіп тұрды. Осылайша, дүкенге кірдім, - деді айыпталушы.
Оның айтуынша, сол кезде Қаржаубай ештеңе сатпаймын деп шығарып жіберген.
Сыртқа шыққан соң артыма қарасам, Қаржаубай пышақ алып келе жатыр екен. Мен сол кезде қорғану мақсатында оның қолын ұстап қалдым. Содан соң біз ары қарай екі бөлеммен бірге көлікке отырып кеткен кезде, қатты дауыс естілді. Сол дауыстан соң біз тоқтадық, көліктен мен шығып дүкен жаққа қайта бардым. Төбелесіп жатқанын көрдім де, ары қарай бармай қайтадан көлікке отырып кетіп қалдық, - дейді Дидар Қалиахмет.
Адвокаттың неліктен полиция шақырмағаны туралы сұрағына қорқып кеткенін айтып ақталуға тырысты.
Мен қорқып кеттім. Өкінішке қарай, Қаржаубайдың отбасына көмектеспегеніме, полицияға хабарласпағаныма өкінемін. Өзінен және отбасынан кешірім сұраймын, - дейді ол.