«Қан дақтары және көгерген іздер бар». Шерзат Болатқа пышақ қай жерге салынғаны айтылды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда  Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесі түскі үзілістен соң жалғасын тапты. Прокурор Дана Сәрсенбай тергеу кезінде Шерзат Болаттың денесін тексеру кезінде қандай жарақаттар анықталғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

4 қазанда Шерзат Болаттың мәйіті Алматы облысы, Талғар қаласы, Талғар аудандық орталық ауруханасынан табылған. Ол көк зембілде арқасымен жатқан. Бойы 170-175 см. Аяқ-қолы дене бойымен тік созылып жатқан. Оң жақ бетінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары және көгерген іздер бар. Мәйіттің үстінгі ернінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында 1 см жарақат бар. Мәйіттің оң қолының білек тұсында 2 см жарақат орны бар. Мәйіттің арқасының сол жақ қабырға тұсында 2-2,5 см өткір затпен кесілген, сұғылмалы-кесілмелі жарақат орны бар. Мәйітті тексерген кезде басқа да көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады, - дейді Дана Сәрсенбай.