«Екі түрлі жауап айтқан». Шерзат Болаттың анасын сотқа шақыртты

Qaz365.kz редакциясы

Шерзаттың анасы берген жауап сотқа айтқан жауабынан басқаша болып шықты.

Шерзат Болаттың анасы. Соттан скрин

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы кезінде оның анасын келесі отырысқа шақырды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде жүргізілген беттестіру хаттамасын жария етті. Аталған құжатта прокурор Гүлбара Бишімбиева мен Дидар Қалиахметтің арасында өткен беттестіру жайлы мәліметтер оқылды.

Оқиға болған күні Дидар Қалиахметті көрдім, аты-жөнін қазір ғана білдім. Бұрын арада араздық болмаған. Мені екі бала ұстап тұрған кезде олар Шерзат пен Нұрқатанатты тепкіледі. Ұрып жатқанын нақты көрдім, – деп оқыды прокурор хаттамадан.

Шерзаттың анасы берген жауап сотқа айтқан жауабынан басқаша болып шықты. Сол себепті Қалиахметтің қорғаушысы Баймұханова келесі сот отырысына жәбірленуші Гүлмира Бишімбиеваны шақыртуды сұрады.

Бишімбиеваның сот отырысы мен беттестірудегі жауаптары түбегейлі бір-біріне сай емес. Сол себепті сот отырысына қайта шақырып, жауап алуды сұраймын, - дейді адвокат.

Қорғаушылар мен сотталушылар бұл ұсынысты қолдады. Мемлекеттік айыптаушылар да қарсылық танытпады. Жәбірленуші тараптың адвокаты да келесі отырысқа Бишімбиеваны жеткізуге тырысатынын айтты. Судья бұл мәселені мемлекеттік айыптаушыларға тапсырды.

Айта кетейік, Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны жайлы жазғанбыз.