Бишімбаев Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де солай қинаған – Меруерт Түсіпбаева

Qaz365.kz редакциясы

 Ақнәрдің анасы әділдік іздеп сабылып жүр. Өйткені қылмыстық істі суицид деп отыр.

Фото: Әншінің жеке парақшасынан

Танымал әнші, эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева Алматыда қаза болған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.   

Әншінің айтуынша, Қытайдан келген қандас қыздар арасында тәртіп пен тәрбиені жоғары қоятындар көп. Алайда Ақнәр Хамитке қатысты болған жайт ол ойдан мүлде алшақ.

Бұл фотода тұрған КИМЭП студенті, небәрі 21 жастағы қызымызды 8-9 ай бұрын өзімен бірге жүрген қыздар ұрып-соғып, қорлап, тонап, ақыры 7-қабаттан итеріп жіберген, – деп жазды ол.

 Күдікті қыздардың жасы 20-да, біреуі 24-те. Ал Ақнәрдің анасы әділдік іздеп сабылып жүр. Өйткені қылмыстық істі суицид деп отыр.

Енді менің ойым, бойжеткен қыздарыңыздың қандай құрбысы бар, қандай ортада араласып жүр, соның бәрін қадағалап отыру керек! Бишімбаев Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де құрбылары солай қинаған. Ашық сотты талап етеміз! Халық олардың бет-жүзін көруі керек. Беттері тілінсін бетпақтардың, - деп ашуланды Меруерт Түсіпбаева.