"Жан даусы шыққан": Сәтпаевта ер адам подъезде қызды сүйреп әкетіп, зорламақ болған

Nur-Altay Umirzak

Оған бірінші қабатта тұратын әйел көмекке келген

Видеодан алынған кадр

Сәтпаевта ер адам подъезде қызды сүйреп әкетіп, зорламақ болғаны бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ұлытау облысы полиция департаменті мәлімдеді.

"Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерінің ізімен күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.

Видеодан қыздың подъезге кіріп бара жатқаны көрінеді. Артынан ер адам ілесіп кіріп, қызды баспалдақ астына сүйреп апарған. Қыздың жан даусы шыққанда, ер адам қашып кеткен.

Оған бірінші қабатта тұратын әйел көмекке келген. Қыздың айтуымен әйел күдіктінің артынан сыртқа шыққан. Ізін ала куәлардың көрсетуімен қылмыскер жедел ұсталған.