Оқиға 2023 жылдың тамыз айында орын алған
Павлодарда абайсызда сүндеттеу кезінде бес жасар баланың денсаулығына ауыр зиян келтірген хирургқа сот үкімі шықты,деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық соты мәлімдеді. Оқиға 2023 жылдың тамыз айында Павлодар қаласында болған болатын.
Прокурор дәрігерге бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраса, жәбірленушінің өкілі максималды жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы кінәсін мойындамай соттан өзін ақтауды өтінген.
"Сот іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жайлар белгіленбегенін, ал жеңілдететіндер: А. - ның асырауында үш жас баланың болуы, алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тарту, медициналық көмек көрсету болып табылатынын назарға алды. Осыған байланысты сот А. – ны пробациялық бақылауды белгілеумен, міндеттерді жүктеумен және мәжбүрлі еңбекке тартумен бір жылға бас бостандығын шектеуді тағайындады", – делінген сот шешімінде.
Сондай-ақ, сот шешімімен дәрігерге бір жыл ішінде медициналық қызмет көрсетуге тыйым салынған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.