Ақтөбеге шұғыл қонған ресейлік ұшақ бортындағы жолаушы көз жұмды

Nur-Altay Umirzak

Ұшақ бортында жалпы саны 564 жолаушы болған

Сурет: Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі

Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ бортындағы жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Әуежай қызметі мәлімдеді.

“Бүгін сағат 12:40-та Екатеринбург–Сочи бағытындағы Boeing-777 ұшағы Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонды. Ұшақ борттағы жолаушының денсаулығы күрт нашарлағандықтан қонуға мәжбүр болған. Әуе кемесі қонған сәтте жедел қызметтер мен медицина бригадасы дереу жұмылдырылды. 1983 жылы туған әйел ұшақ жерге қонғанға дейін көз жұмған, – делінген Әуежай қызметінің ақпаратында.
 

Ұшақ бортында жалпы саны 564 жолаушы болған.