Өскемен қаласында көше үстінде трактор жанып кетті

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Есенберлин даңғылындағы жолдың жүру бөлігінде орын алған

Сурет: Бейнеден кадр/ ТЖД

Өскемен қаласы Есенберлин даңғылында жолдың жүру бөлігінде трактор жанып кетті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

“Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жанып жатқан тракторды сөндірді. Өрт сөндірушілер өртті тез арада ауыздықтап, жол бөлігін тазартты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. ТЖМ автокөліктің техникалық жай-күйін мұқият қадағалауды және уақтылы техникалық тексеру өтуді ескертеді. Көлікте істеп тұрған өрт сөндіргіш болғаны жөн”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Жазғы уақытта көлік өрті –  қозғалтқыштың қатты қызып кетуі мен электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болады.