Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

скрин видео

Атырау облысында жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 2 адам мерт болып, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп жоқ. Бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді.

Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ.Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекті толықтай қамтылды. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атыраудан мамандар мен медицина қызметкерлері қосымша көмекке жіберілді, олардың қатарында күйік орталығының дәрігерлері де бар.