29 жастағы ер адам ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген
Елордада базардың қақ ортасында зейнеткердің қалтасына ұрлыққа түскен ер аадамның қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Астана қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.
“Астаналық 63 жастағы тұрғын полицияға арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның әмиянын ұрлап кеткен. Тексеру барысында оқиғаның “Шапағат” базарында болғаны анықталды. Әйел сауда нүктесінде есеп айырысып, әмиянын күртешесінің қалтасына салған. Алайда үйіне оралғанда оның жоғалғанын байқаған. Әмиян ішінде 200 мың теңгеден астам қаражат болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицияның жедел-іздеу бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. 29 жастағы ер адам өз кінәсін толық мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты,” – делінген полиция басқапрмасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданған.