Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған
Қарағанды маңындағы теміржолда екі жасар баланы жүк пойызы қағып кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ақпаратты «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімшесі мәлімдеген. Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған.
Зардап шеккен бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
“Бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды”, – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“2025 жылғы 1 маусым күні сағат 11:47–де «Қарағанды — Ақадыр» учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында екі жасар баланың теміржол жолына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежегіш қолданды. Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді, – делінген ҚТЖ хабарламасында.